Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағына сәйкес, «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің жауабының негізінде 2026 жылғы 27 наурызда Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жаңатілек ауылдық округінің әкіміне кандидат Жапаров Дархан Сертаевичті тіркеу туралы шешімі күшін жойды.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы