Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Баянауыл ауданының ауылдық округтері және Майқайың кентінің бюджеттері туралы» № 304/54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Баянауыл ауылдық округі бойынша жергілікті бюджет шығыстары 331222,0 мың теңгеге, Ақсаң ауылдық округінің 1100,0 мың теңгеге көбеюіне байланысты, Жаңажол ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 464,0 мың теңгеге азайтылуына байланысты, Жаңатілек ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 300,0 мың теңгеге көбеюіне байланысты, Қаратомар ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 1267,0 мың теңгеге азайтылуына байланысты, Күркелі ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 800,0 мың теңгеге көбеюіне байланысты, Құндыкөл ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 7992,0 мың теңгеге, Қызылтау ауылдық округінің 2283,0 мың теңгеге азайтылуына байланысты, Сәтбаев ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 500,0 мың теңгеге көбеюіне байланысты, Торайғыр ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 10066,0 мың теңгеге азайтылуына байланысты, Ұзынбұлақ ауылдық округінің жергілікті бюджет шығыстары 1000,0 мың теңгеге көбеюіне байланысты, Майқайың кенті бойынша 19527,0 мың теңгеге көбеюіне байланысты «Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Баянауыл ауданының ауылдық округтері және Майқайың кентінің бюджеттері туралы» № 304/54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді Баянауыл аудандық мәслихатының шешімін қабылдау қажет.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3991440