Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің аумағында
сайлау учаскелерінің шекаралары туралы
ХАБАРЛАМА
№ 199 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Жұмат Шанин ауылы, Жаяу Мұса Байжанов көшесі 2, «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің С.Торайғыров атындағы мәдени сауық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жұмат Шанин ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Күркелі ауылдық округінің Жұмат Шанин ауылының аумағы.
№ 200 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Шоманкөл ауылы, Салық Сапабеков көшесі 17, «Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Шоманкөл жалпы бастауыш білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Күркелі ауылдық округінің Шоманкөл ауылының аумағы.
№ 201 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қойтас ауылы, Қойтас көшесі 7, ауылдық округ әкімшілігінің баланысындағы ғимарат;
сайлау учаскесінің шекарасы: Күркелі ауылдық округінің Қойтас ауылының аумағы.
№ 203 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Жарылғап ауылы, Бірлік көшесі 20, «Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Біріншімай жалпы бастауыш білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Күркелі ауылдық округінің Жарылғап ауылының аумағы.