Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8–бабы 2–тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихаттың заңдылық, азаматтардың өтініш– шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
03 декабря 2020