Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 10 наурыздан (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_ban@saylau.kz, мекенжайы: Баянауыл ауылы, К.Сәтбаев көшесі, 47, «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы» МҚК ғимараты ) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Баянауыл аудандық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы