2026 жылдың 12 сәуіріне тағайындалған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Баянауыл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 4 наурыздағы №1-11/50 қаулысына қосымша

 

2026 жылдың 12 сәуіріне тағайындалған, Павлодар облысы

Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің әкімін сайлауды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде

2026 жылғы 4 наурыз

 (113-1-б.1-т. 2) т.т., 3-т.)

2. Сайлау округінің тізімін, оның шекаралары мен Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандықбұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылдың 14 наурызынан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

3. Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылдың 14 наурызынан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылдың 19 наурызынан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердіаудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Баянауыл ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде– 2026 жылдың 19 наурызынан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2026 жылдың 5 наурызында басталады және 2026 жылдың 17 наурызында жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.1, 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

КандидаттыңКонституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясықұжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардың қол қою парақтары Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8,9-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылдың 1 қаңтарына)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады

2026 жылдың 5 наурызында басталады және 2026 жылдың 22 наурызында жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Баянауыл ауданының әкімдігі және Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026  жылдың 22 наурызында жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылдың               11 сәуірінде жергілікті уақытпен 00.00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттарменолардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл ауданының әкімдігі және Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Баянауыл ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылдың 23 наурызына дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2026 жылдың 28 наурызынан бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 2 сәуіріне дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

Ерте дегенде 2026 жылдың 9 сәуірі және кемінде

11 сәуірі

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2026 жылдың 12 сәуірі жергілікті уақыт бойынша

сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей

(113-10-б. 1 т.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылдың 18 сәуірінен кешіктірмей

(44-б. 4-т., 3) т.т.

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылдың 18 сәуірінен кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2026 жылдың 12 сәуіріне тағайындалған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
04 марта 2026