«Ұлттық қор – балаларға»: жинақ валютасы, уәкілетті банктер және қатысу шарттары

Жинақтау қандай валютада жүргізіледі және кейіннен нысаналы жинақтарды алушыға аудару қай валютада жүзеге асырылады?

ҚР заңнамасына сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу БЖЗҚ-да АҚШ долларымен жүргізіледі. Төлеген кезде нысаналы жинақтар нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті оператор - банктерде АҚШ долларымен ашатын банктік шоттарына есептеліп, аударылады.

 

Ұлттық қордан төлемдер алу үшін қандай банктерде банктік шот ашуға болады? "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысатын банктерге қойылатын қандай да бір алғышарттар, талаптар бар ма?

Заңнамада екінші деңгейдегі банктер бойынша ешқандай шектеулер белгіленбеген, яғни БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның екінші деңгейдегі кез келген Банкі Бағдарламаға қатыса алады. 

Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:

      "Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),

      "Халық банкі" АҚ (білім алу),

      "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.

    

Тарихи отанымыз – Қазақстанға көшіп келдік, "қандас" мәртебесіне ие болдық. Біздің баламыз "Ұлттық қор-балаларға"жобасына қатыса ала ма?

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған барлық азаматы жобаға қатысады. Сіздің балаңыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатыса алады.

 

Дата публикации
02 марта 2026