Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 2023 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» №281 бұйрығына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2) осы қаулыны Баянауыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі А.Ксентаев
Баянауыл ауданы әкімінің
2026 жылғы «___» _________
№____ қаулысына
қосымша
Баянауыл ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
|
№ |
Атауы |
Айына бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге |
|
1 |
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету |
63147,28 |