Қайырлы күн, құрметті жерлестер!
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Сіздерге Баянауыл ауданы көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндауға рұқсат етіңіздер.
Биылғы жылы ірі жобалар қолға алынып, нәтижелі аяқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйектегі Жолдауында елді дамытудың басым бағыттарын айқындап берді. Қолға алынған барлық реформа халықтың әл-ауқатын арттыру және елдің жан-жақты өрлеуін қамтамасыз ету екенін айтты. Сол тапсырмаға сәйкес жұмыстар атқарып жатырмыз.
Әлеуметтік-экономикалық дамуы
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері 100 пайыздан асыра орындалды.
Бірінші: Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 48 519,3 млн тенге немесе 146,9 % өнім өндірілді.
Екінші: Аудан экономикасының негізгі капиталға салынатын инвестиция 17 748,4 млн. теңгені немесе 115,3 % құрады.
Үшінші: Құрылыс жұмыстарының көлемі 11 303,4 млн. теңгеге, 164,6 % орындалды.
Төртінші: 6 514 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, немесе нақты көлем индексі 102,3 %-ды құрады.
Бесінші: Бөлшек тауар айналымы 4 980,8 млн.теңгені, немесе 100,8%-ға орындалды.
Алтыншы: Ауыл шаруашылық өнімдері 17 388,6 млн. теңгеге, немесе 106,9% өндірілді.
2025 жылдың аудан бюджеті 13 906,9 млн. теңге көлемінде қабылданып, нақтыланды. Бюджет кірісі 2025 жылғы аудандық бюджет кірісінің басым бөлігін 67,5 % облыстық және республикалық трансферттер құрайды немесе 9 380,6 млн.теңге, меншікті кірістер 3 900,8 млн.теңге.
Сумен жабдықтау – 3 жоба (3 млрд 470 млн теңге)
Бүгінгі күні аудан халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігі 97,6% құрайды. Ауданның 38 ауылының 22-де орталықтандырылған сумен жабдықтау көздері, 13-де кешенді блок модуль қолданыста.
2025 жылы 3 ауылдық елді мекенде: Ж.Аймауытов, Шонай, Шоманкөл ауылдарында су құбырының құрылысы жүргізіліп, жұмыстар аяқталуда.
Осылайша су құбырларының құрылысы аяқталған кезде аудан халқының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі 99,6%- ға жетеді.
Жолдар – 14 жоба 2 млрд 952млн теңге
Аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 732,7 км құрайды (Республикалық маңызы бар – 231 км: облыстық - 61 км; аудандық – 325 км. ауылішілік – 115,7 км.).
Биылғы жылы аудандық маңызы бар жолдардың 7 бағыты бойынша жалпы 86,6 км-ге орташа жөндеу жұмыстары жасалды. (оның ішінде 27,4 км ағымдағы жөндеу).
Қарашат-Новая Жайма (екі жылдық жоба) аудандық маңызы бар жолдан басқа, барлық бағыттар бойынша жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды:
- Майкөбе 0-2,64км-197,7 млн.тг., мердігер Нурал ЖШС,
- Шөптікөл 5,262 км-222,4млн.тг, DAVO ЖШС, Экибастуз қ.,
- Сұлужон 15,7км.-638,5млн.тг., ауыспалы жоба, Нурал ЖШС, Иртышск а.
- Тендік-Ұзынбұлақ 13 км-678,4 млн.тг. Павлодаржолдары ЖШС;
- Қаражар-Южное 12,6 км – 21,0 млн, "ПКФ ГОРДОРСТРОЙ" ЖШС;
-Қарашат-Новая Жайма 10 км – 200,0 млн тг, "ЭКИБАСТУЗТЕПЛОЭНЕРГОМОНТАЖ" ЖШС.
- Жасыбай демалыс аймағының 27,4 км -47,5 млн.теңге ТОО «АВН Строй Класс» г.Экибастуз;
Сонымен қатар 5 елді мекенде барлығы 20,2 км ішкі жолдар күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өтті.
- Баянауыл ауылының 9,4 км – 422,7 млн.теңге ("ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ", "Extra Class" ЖШС.), және 9 көшеде 1030 м2 жол ағымдағы жөндеу -10,9 млн теңге;
- Қарашоқы ауылында 2,5 км. - 102,5 млн теңге Нурал ЖШС.
- Жаңатілек ауылында 4,7 км - 238,3 млн теңгеішкі жолдарды күрделі жөндеу "ЭКИБАСТУЗТЕПЛОЭНЕРГОМОНТАЖ" ЖШС.
- Жаяу Мұса –Жасыбай айналма жолын орташа жөндеу 0,9км- 54,8 млн теңге, "Extra Class" ЖШС.
- Қаражар ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу 2,650 км – 65,8 млн теңге, "ЭКИБАСТУЗТЕПЛОЭНЕРГОМОНТАЖ" ЖШС.
Бұдан басқа, М.Шорман кесенесінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеуге және сараптамадан өткізуге 51,0 млн теңге бөлінді. (0-17 км,10 км) (Бұқар жырау).
Абаттандыру – 16 жоба 785 млн теңге
Абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Халыққа жайлы орта қалыптастыру мақсатында жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.
- биылғы жылы 2 балалар ойын алаңы орнатылды (Аймауытов, Баянауыл), 4 ойын алаңы ағымдағы жөндеуден өтті – 56,1 млн.теңге (Баянауыл)
- 4 елді мекенде 25,6 км көше жарығы салынды - 390,5 млн теңге (Баянауыл 10,1 км, Қарашоқы 2,5 км, Жаңатілек 9,6 км, Қаратомар 3,4 км) және Жасыбай демалыс аймағында 23,6 млн теңгеге 400 дана көше шамдары орнатылып, ауыстырылды.
- 2 елді мекеннің көшелерінде 3,3 км тротуар салынды – 238,3 млн теңге (Баянауыл 1км, Майқайың 2,3 км );
- Майқайың кентінде 74,8 млн теңгеге 2 аула абаттандырылды;
- Баянауыл ауылының Айтпақ көшесінде автобус павильоны орнатылды.
Құрылыс – 2 жоба 425,0 млн теңге
- Аудан орталығында әскери шақыру пунктін салу жұмыстары жүргізілуде, «ENDEAVOUR ПВ» ЖШС;
- 78,9 млн теңге "Құрман"ШҚ үшін электр беру желілері мен КТП салу.
Спорт – 5 жоба, 1 млрд 482 млн теңге
Ауданда бұқаралық спортты дамыту үшін:
Сонымен қатар, Лекер ауылында шағын футбол алаңы салынды.
Туризм саласы – 3 жоба 1 млрд 676 млн теңге
Ағымдағы жылы I-III тоқсанда 174 мың 800 турист келді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Орналастыру орындарының көрсеткіші 1 млрд 700 млн теңге.
Туризм саласын дамытуда ірі жобалар жүзеге асырылды:
Сонымен қатар, инвестициялық жобалар да жүйелі жүзеге асырылуда. Нақты айтқанда, Баянауыл ауылына кіреберісте «Пегас» жанар-жағармай құю бекеті ашылды,
-Жасыбай демалыс аймағындағы «Березовая Роща» демалыс үйінің жыл бойы жұмыс жасайтын корпусының құрлысы жүргізілуде.
Мәдениет саласы – 4 жоба 318,0 млн теңге
Мәдениет саласында 4 жобаға 318,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды:
- Қаратомар ауылдық клубын ағымдағы жөндеу, (5,3 млн тг);
- Аймауытов ауылындағы ауылдық клубтың аумағын абаттандыру, (2,6 млн теңге).
- С.Торайғыров атындағы мәдениет үйіне автобус сатып алу (45,0 млн теңге),
- Ақши ауылында ауылдық клуб салу 2024-2025 ж. – 264,6 млн теңге, «Bays group» ЖШС, Шымкент қ.
Білім беру – 8 жоба 1 млрд 542 млн теңге
Сапалы білім алу – әрбір баланың құқығы. Мектептердің барлығы оқушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы болуы үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Биылғы жылы білім саласы бойынша 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар: Егіндібұлақ мектебі, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты, Майқайың №2 мектебі. (жалпы 1 млрд 542 млн теңге). Сонымен қатар, Егіндібұлақ, Ш.Айманов, Шөптікөл мектептерінің от қазандығы, Ә.Марғұлан атындағы мектептің жылу трассасы ауыстырылды.
Денсаулық сақтау саласы – 5 жоба 457,0 млн. теңге
Биылғы жылы Майқайың емханасы 268,8 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Жалпы 116,4 млн теңгеге медициналық құралдар сатып алынды.
Сонымен қатар, 3 елді мекенге 72,0 млн теңгеге: Жаңажол, Жаңатілек, Баянауыл ауылдарына медициналық санитарлық автокөлік берілді.
Бұдан басқа, Жұмат Шанин ауылында демеушілік көмекпен фельдшерлік акушерлік пункт салынуда.
«Ауыл – ел бесігі» 3 жоба - 739 млн теңге:
- Жаңатілек ауылында денешынықтыру кешенінің құрылысы (382,7 млн теңге, "ENDEAVOUR ПВ" ЖШС).
- 4,7 км ауылішкі жолдары күрделі жөнделді (238,3 млн теңге "ЭКИБАСТУЗТЕПЛОЭНЕРГОМОНТАЖ" ЖШС).
- 7,9 км көше жарығы салынды, (118,2 млн теңге, «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС Павлодар қ. 258 шам орнатылды).
Лимандарды қалпына келтіру – 2 жоба 3 503 789,5 мың.тг
-Қараащы ауылының суару және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту (орындалған жұмыстар -97%)- 1 990 469,6 млн.тг
- Жаңажол ауылының суару және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту (орындалған жұмыстар -99%)- 1 513 319,9 млн.тг
Табиғат салдарынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстары – 461 314,8 млн.тг
2025 жылғы 23 маусымда Баянауыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына және 2025 жылғы 18-19 маусымда қатты желден туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі залалды өтеуге облыс резервінен 461 314,8 млн.тенге қаражат бөлінді.
- 28 көпқабатты және 67 жеке тұрғын үйдің шатырын қалпына келтіру жұмыстары, электр бағаналары және желілерді қалпына келтіру, білім беру, коммуналдық және бизнес нысандарын қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
- Үшқұлын ауылында тұрғын үйлерге келтірілген зақымды қалпына келтіру мақсатында «Майқайын известковый зауыты» ЖШС қолдау көрсетті. Кәсіпорын көмегімен 7 көп қабатты үйдің, балабақшаның шатыры қалпына келтірілді.
Ауылшаруашылығы саласы
Аудан бойынша ауылшаруашылығы саласын дамыту бойынша 45 техника сатып алынды, оның ішінде-11 тиегіш, 32 трактор, 2 комбайын. (Жалпы сомасы - 629,0 млн.тг.)
Арзандатылған жанар-жағармай көлемі 1187 тонна, алынған көлемі 1112 тонна немесе 94 % құрайды.
Құрметті жерлестер!
Биылғы 2025 жылда елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды қысқаша баяндап өттім. Халықтың игілігіне бағытталған жобалар әлі де жалғасын табады.