2025 жылғы 26 қазан –
Баянауыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау
Құрметті сайлаушылар!
№ 179, 180, 188, 210 учаскелік сайлау комиссиялары
2025 жылғы 26 қазанда
сағат 07: 00-ден 20:00-ге дейін
Сіздерді Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының № 7
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың
орнына сайлау келесі мекенжайлар бойынша дауыс беруге
қатысуға шақырады:
|
Сайлау учаскесі |
Мекенжай |
Телефон |
|
№ 179 |
Сұлужон ауылы, Сұлужон көшесі, 15 (Сұлұжон орта мектебі) |
8 (71840) 4-02-03 |
|
№ 180 |
Майкөбе ауылы, Майкөбе көшесі, 5 (Мәдениет үйінің ғимараты) |
8 (71840) 4-03-89 |
|
№ 188 |
Ақмектеп ауылы, Бұхар жырау көшесі, 7 (Ақмектеп ауылының медициналық пункті ғимараты) |
8 (71840) 4-03-56 |
|
№ 210 |
Майқайы4 кенті, Астана көшесі, 52Г (Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты, спорт залы) |
8 (71840) 2-10-76 |
Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.
Білуіңіз қажет!
Азаматтар сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізінде енгізіледі. Өзіңізді сайлаушылар тізімдерінен 2025 жылғы 10 қазаннан бастап учаскелік сайлау комиссиясында тексере аласыз.
Егер денсаулық жағдайыңызға немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге байланысты Сіз дауыс беру үшін өзіңіз тізіміне енгізілген учаскеге келе алмасаңыз, онда 26 қазанда сағат 12.00-ден кешіктірмей, жазбаша өтініш беруіңіз қажет, сосын учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады.
Құрметпен,
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы