«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Баянауыл ауданы әкімдігінің «Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысының жобасы әзірленді (бұдан әрі - Қаулы жобасы).
Осы Қаулы жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағы негізінде қауымдық сервитут белгілеу болып табылады.
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулының жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (16.11.2020 ж. - 30.11.2020 ж. дейін) орналастырылды.