Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өз басқару туралы" Заңының 31–бабына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы «Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы» № 321/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6980 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары К. Г. Қызыровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.