Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
сайлау округінің шекаралары және аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы
хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2, 2-1 тармақтарына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекараларын, аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін жариялаймыз.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 47, аудандық Мәдениет үйінің ғимараты, тел.8-71840-92854.
№ 7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Майқайын кенті, Астана көшесі, 57А, Балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің ғимараты, тел. 8-71840-22484
Шекарасы: Бірлік ауылдық округі аумағының Ақмектеп ауылы. Майқайын кентінің аумағының Майқайын кенті, Сұлұжон және Майкөбе ауылдары.
Округке келесі сайлау учаскелері кіреді: №№ 179,180,188,210