Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 104-бабының 1-1-тармағына сәйкес бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

(2025 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге)

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:

Баянауыл ауданы әкімінің аппараты ММ

БСН 970340001683

ЖСК KZ270705031223003002

«ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ

БСК KKMFKZ2A

Кбе 12

ТТК 171

Төлем мақсаты: Әкімге кандидаттың сайлау жарнасы Тегі Аты Әкесінің аты

 

Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер
Дата публикации
27 августа 2025