2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Баянауыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Баянауыл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 27 тамыздағы № 1-11/43

қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған

 Баянауыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Сайлау округінің тізімін, оның шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

(14-б. 6) тт., 22-б. 2-т., 2-1т.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей

 

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 11 қырқүйектен кешіктірмей

 

                                                                                   (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 11 қырқүйектен кешіктірмей

 

 (17-б. 2-т.)

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтар

2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы   25 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

6. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына           2025 жылғы 1 тамыз жағдайына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025  жылғы  30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                              (104-б. 16-1 б. 1) тт.6)тт. 6-1т.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6) тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

13. Кандидаттардың (жүгінген кезде) сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

                        (Ережелерін 23б.)

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 2025 жылғы 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Баянауыл ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 5 қазан

(26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 10 қазаннан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

20. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 қазанға дейін

   (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 23 қазаннан ерте емес және

25 қазанға дейін

 (37-б. 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде қалалық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) тт., 43-б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

 

28. Аудандық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей

2025 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей                                                                    

(14-б. 9) тт.,  2- т., 108-б. 2-т.)

 

29. Аудандық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей

 (14-б. 9) тт., 44-б. 4-т. 2) тт.)

 

30. Сайланған қалалық мәслихаттың депутатын тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) тт., 46-б. 3-т., 1) тт., 112-б. 1-т.)

 

31. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы мен оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Баянауыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дата публикации
27 августа 2025