
Мен, Сағынтаев Таңат Қайратұлы 1982 жылы 21 маусымда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Южный ауылында дүниеге келдім.
Жоғары білімім бар. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясының экономист мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолын 2000 жылы Қойтас ауылында «Сапар-Шақар» шаруа қожалығының есепшісі болып бастадым.
2007-2009 ж.ж. «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» ММ-нде бас маман болып жұмыс істедім.
2009 жылы қаңтар және желтоқсан айлары аралығында Баянауыл ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы.
2009-2013 ж.ж. Баянауыл аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы-бас қазынашысы.
2013–2016 ж.ж. «Шалқаркөл» шаруа қожалығының басшысы.
2016 жылдан бастап Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарамын.
Үйленгенмін. 3 балам бар.
Ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде шешім қабылдай отырып, мен мемлекеттік қызмет кезінде жинақтаған білімім мен тәжірибемді ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсаймын. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің тапсырмаларын, ауылға арналған бағдарламалардың және менің сайлауалды бағдарламаларымның негізгі қағидаларын іс жүзінде жүзеге асыруға барлық күш-жігерімді саламын.
Менің сайлауалды бағдарламам Күркелі ауылдық округінің тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерден тұрады:
- Ауылдық округтегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық;
- Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауының бағдарламаларын орындау;
- Инвесторларды тарту және ауылдың экономикалық әл-ауқатын дамыту;
- Ауылдық округтерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды белсендендіру;
- Мал бағу мәселесін ұйымдастыру;
- Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, ауылда шағын және орта бизнесті дамыту;
- Азаматтарды «2020-2025 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шегінде жұмысқа орналастыруға және оқытуға қолдау көрсету;
- Ауылдық округ тұрғындарының мәдени бос уақытын және салауатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсету.