2025 жылғы 29 маусымда Баянауыл ауданының Ақсан, Бірлік, Сәтбаев ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
Ақсан ауылдық округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне 508 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 381 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 35 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 4.
Ақсан ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жумагулов Дюсенбай Кожахметович үшін сайлаушылардың - 94 дауысы берілді,
Сариев Ерлан Елубекович үшін сайлаушылардың – 26 дауысы берілді,
Смагулов Толеген Ынтыкбаевич үшін сайлаушылардың – 233 дауысы берілді,
Смагулова Корлан Танбаевна үшін сайлаушылардың – 12 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.
Сайлау қорытындысы бойынша Ақсан ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Смагулов Толеген Ынтыкбаевич, 1964 жылы туған, Баянауыл ауданы әкімі аппаратының инспекторы, Баянауыл ауылының тұрғыны.
Бірлік ауылдық округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне 499 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 389 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 29 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Бірлік ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Игубаева Мерей Жумажановна үшін сайлаушылардың - 54 дауысы берілді,
Мусатаев Арман Элгуатович үшін сайлаушылардың - 305 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 17.
Сайлау қорытындысы бойынша Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Мусатаев Арман Элгуатович, 1973 жылы туған, Бірлік ауылдық округінің әкімі, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылының тұрғыны.
Сәтбаев ауылдық округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне 696 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 346 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 18 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Сәтбаев ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Қайыр Мұхтар Сайратұлы үшін сайлаушылардың - 228 дауысы берілді,
Саматова Гульназ Курмашовна үшін сайлаушылардың - 81 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 20.
Сайлау қорытындысы бойынша Сәтбаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Қайыр Мұхтар Сайратұлы, 1991 жылы туған, «Қайыр» ШҚ- ның басшысы, Баянауыл ауданы, Мұса Шорман ауылының тұрғыны.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы