Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан, Бірлік, Сәтбаев ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 3 маусымда сағат 18.00-де Баянауыл ауданы Ақсан, Бірлік, Сәтбаев ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Ақсан ауылдық округі бойынша:
Барлығы 4 кандидат ұсынылды, барлығы - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Бірлік ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3%) – саяси партиясымен, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Сәтбаев ауылдық округі бойынша:
Барлығы 6 кандидат ұсынылды, барлығы - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік – 6 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы