Павлодар облысы Баянауыл ауданының ауылдық округтерін сайлау
бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 мамырда № 1-11/37 қаулысымен Баянауыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:
1) Ақсан ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Ақсан ауылдық округінің шекараларында;
2) Бірлік ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Бірлік ауылдық округінің шекараларында;
3) Сәтбаев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Сәтбаев ауылдық округінің шекараларында.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Баянауыл а., К.Сәтбаев көш., 47, тел.: 8(71840)92854.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы