Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 6 мамырда сағат 18.00-де Қаратомар ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 4 кандидат, оның ішінде 4 (100 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 4 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы