2025 жылғы 27 сәуірде өткен Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 27 сәуірде өткен Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

 

2025 жылғы 27 сәуірде Баянауыл ауданының Торайғыр ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 633 азамат енгізілді. Дауыс беруге 366 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 5 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2.

Торайғыр ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Молшин Мухтар Абдыкапарович үшін сайлаушылардың 258 дауысы берілді,

Саматова Гульназ Курмашовна үшін сайлаушылардың 74 дауысы берілді,

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 24.

Сайлау қорытындысы бойынша Торайғыр ауылдық округінің әкімі  болып сайланды:

Молшин Мухтар Абдыкапарович, 1964 жылы туған, Баянауыл ауданының «Торайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Торайғыр  ауылының тұрғыны.

 

 Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 27 сәуірде өткен Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
29 апреля 2025