2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қаратомар ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

Павлодар облысы                                  Баянауыл аудандық аумақты  сайлау комиссиясының  2025 жылғы 23 сәуірдегі  № 1-11/33 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған,

Павлодар облысы Баянауыл ауданының

Қаратомар ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

           1. Баянауыл ауданының Қаратомар ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындаумен өткізуді белгілеу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2025 жылғы 23 сәуір.

 (113-1 б. 1-т.2тт. 3т. )

 

2. Сайлау округінің шекарасы мен Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 3 мамырдан кешіктірмей.

 (22-б. 2-т.)

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 3 мамырдан  кешіктірмей.

 (13-б. 4-т.)

4. Ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 8 мамырдан  кешіктірмей.

 (17-б. 2-т.)

5. Ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Баянауыл ауданының әкімі.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде,

2025 жылдың 8 мамырдан  кешіктірмей.

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылдың 24 сәурден басталады және

2025 жылдың 6 мамырда  жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

 (113-3-б. 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 (4-б.,тт.2) 113-5-б., 11-т.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

(14-б. 8-1 тт.), 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін    үш күндік мерзімде.

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін                     үш күндік мерзімде.

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қантарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін.

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін.

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

 

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 11 мамырында  жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары.

Үгіт басталғанға дейін- 2025 жылдың 11 мамырына дейін.

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады2025 жылғы 11 мамырынан  жергілікті уақытпен  сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы  31 мамыр  жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады.

                                                                              (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

Баянауыл ауданының әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 12 мамырға дейін.

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда,

2025 жылғы 17 мамырдан бастап.

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету.                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей.

2025 жылғы 22 мамырға дейін.

 (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын,

 2025 жылғы 29 мамырынан ерте емес және

31 мамырынан кешіктірмей.

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

2025 жылғы 1 маусымда  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де.

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу.

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу.

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей,

 2025 жылғы 4 маусымнан кешіктірмей.

 (113-10-б. 1-т.)

29. Қаратомар ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 7 маусымнан кешіктірмей  

(44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде.

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде. Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін,

2025 жылғы 7 маусымнан  кешіктірмей.

                                              (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қаратомар ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
23 апреля 2025