Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет  кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» № 300/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.

Облыстық бюджеттен және меншікті кірістерден трансферттердің ұлғаюына байланысты 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 12943151 мың теңгені құрайды, оның ішінде трансферттер түсімі – 11306286 мың теңге. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 13068352 мың теңгені құрайды. «Баянауыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» № 300/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді Баянауыл аудандық мәслихатының шешімін қабылдау қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5095783

Дата публикации
08 октября 2020