Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» № 1-11/25 қаулысымен Торайғыр ауылдық округінің шекараларында Баянауыл ауданының Торайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Баянауыл а., К.Сәтбаев көш., 47, тел.: 8(71840)92854.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы