Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» № 1-11/23 қаулысымен Жаңажол ауылдық округінің шекараларында Баянауыл ауданының Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Баянауыл а., К.Сәтбаев көш., 47, тел.: 8(71840)92854.

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
Дата публикации
05 марта 2025