«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8 тармағына сәйкес, Павлодар облысы Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Баянауыл ауданының әкімі санитарлық дәрігерімен бірге Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауды өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
3. Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылсын.