14 қыркүйек 2020 ж.
Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешім жобасы әзірленді (бұдан әрі - шешім жобасы).
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (14.09.2020 ж. - 28.09.2020 ж. дейін) орналастырылды.