«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тізімі

2020 жылғы 13 қазанда «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысушының құжаттарын қарау және кандидатты әңгімелесуге жіберу жөніндегі конкурстық (жалпы конкурс) комиссияның отырысы өтті. Онда Баянауыл ауданының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысушының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымға қойылған біліктілік талаптарға сәйкестігіне құжаттары қаралды.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарын қарастырып, бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

Ұсынған құжаттары мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардың белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуіне байланысты төмендегі кандидаттар әңгімелесуге жiберілсін:

№

А.Т.Ә

Кандидат болып отырған

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның атауы мен санаты

Әңгімелесу күні

Әңгімелесу уақыты

1.

Ғалымжан Нұрғалым Мейрамұлы

«Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Е-R-4 санаты, лауазым индексі 27-25-1-03-04).

14.10.2020

сағ. 12:00

Әңгімелесу мына мекен-жайда өткізіледі: Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы Сәтбаев көшесі, 45-үй, Баянауыл ауданы әкімдігінің ғимараты. Мәжіліс залы.

Дата публикации
13 октября 2020