8 қазан 2020 ж.
«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Баянауыл ауданы әкімдігінің «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Баянауыл ауданының кент және ауылдық округтерінің жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы әзірленді (бұдан әрі - Қаулы жобасы).
Осы Қаулы жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы негізінде жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Баянауыл ауданының кент және ауылдық округтерінің жайылым айналымдарының схемаларын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулының жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (08.10.2020 ж. - 22.10.2020 ж. дейін) орналастырылды.