Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Баянауыл ауданының кент және ауылдық округтерінің жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Баянауыл ауданының кент және ауылдық округтерінің жайылым айналымдарының схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Баянауыл ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» № 135/4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6322 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Г. Кызыровқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі К. Каримов

Дата публикации
08 октября 2020