Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Шешімнің бұл жобасы  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы           25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2)-тармақшаларына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарды  талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталының  https://legalacts.egov.kz  ашық НҚА бөлімінде,  аудандық «Баянтау» газетінің бетінде (2020 жылғы 6 қазандағы № 72), сондай-ақ Баянауыл ауданы әкімдігінің сайтында жарияланды.

Дата публикации
06 октября 2020