Жоба
Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8–бабы 2 тармағының 1), 2) тармақшаларынасәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормасы, арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары белгіленсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл аудандық
мәслихат хатшысы Т.Қасен
1 - қосымша
Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін осы арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт, қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер және демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Баянауыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын және оны шекті толтырылу нормалары:
|
Р/с № |
Арнайы орын |
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
Шекті толтырылу нормасы |
|
1. |
Баянауыл ауылы,Мұхтар Әуезов көшесі, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш алаңы |
Бар: - жасанды жарықтандыру; - электр энергиясын қосуға арналған нүкте; - 20 тұрақ орны (2 кіру және шығу орындары). |
600 адам |
3. Баянауыл ауданы аумағында демонстрациялар мен шерулер өткізу маршруты: Қ.Сәтпаев көшесі бойымен ұзындығы 500 метр.
4. Баянауыл ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларының айырым белгісі;
2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану;
4) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;
5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
4. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушы және оның қатысушылары:
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орынның аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл желектердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
4) ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстар ұйымдастырушысының айырым белгісін тағады.
2 - қосымша
Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында келесі нысандардың маңындағы аумағынан 150 метрден кем қашықтықта пикеттеу өткізуге тыйым салынады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, магистральдық байланыс желілері, ұлттық электр желісі және оларға іргелес жатқан аумақтар.
2. Мыналарға жол беріледі:
1) тек бір азаматтың ғана және статикалық түрде (қозғалыссыз) өткізуі;
2) плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалану;
3) дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардан басқа) күніне екі сағаттан аспайтындай пикеттеу.
3. Мыналарға жол берілмейді:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге;
2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға.