«Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Баянауыл ауданы әкімінің «Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешім жобасын әзірледі (бұдан әрі - Шешім жобасы).
Осы Шешім жобасын қабылдау мақсаты: «Майкаинзолото» акционерлік қоғамының жерасты кеніші аумағында жердің опырылуы орын алған жерге жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарының өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ету болып табылады.
Шешім жобасын іске асыру бюджеттен қаржылай шығындарды талап етеді.
Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.