Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Баянауыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Баянауыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 376/67 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7173 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында 1 абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан кемінде 800 метр қашықтықта:»
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Баянауыл аудандық
мәслихаттың төрағасы
|
|
Р. Мұқашев
|