- Жалпы ережелер
- «Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Ақсаң ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппаратында ведомства жоқ.
- Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
- Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Аксанского сельского округа Баянаульского района».
Әкім аппаратының орналасқан жері: Индекс 140315, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсаң ауылы , Ә.Бектұров көшесі ,42- үй .
Әкім аппаратының жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
- Әкім аппаратын аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта құрады.
- Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
- Осы Ереже «Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылтайшысы құжаты болып табылады.
«Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Баянауыл ауданының әкімдігі атынан «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.