«Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  • тарау. Жалпы ережелер
  1. «Баянауыл ауданы  Баянауыл ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, кадрлық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2.   Әкімнің аппараты ведомстволары жоқ.
  3. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Әкімнің аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Әкімнің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
  8. Әкімнің аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140300, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Қаныш Сәтбаев көшесі, ғимарат 49.
  10. Әкімнің аппараты жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
  11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде - «Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; орыс тілде государственное учреждение - «Аппарат акима Баянаульского сельского округа Баянаульского района».
  12. Мемлекет Баянауыл ауылдық округінің әкімдігі тұлғасында әкімнің аппараты құрылтайшысы болып табылады.
  13. Осы Ереже әкімнің аппараты құрылтай құжаты болып табылады.
  14. Әкімнің аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  15. Әкімнің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен әкімнің аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер әкімнің аппараты заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Дата публикации
24 ноября 2023