«Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты)   Ұзынбұлақ  ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін  мемлекеттік мекеме болып табылады. Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округінінің аумағында ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалдық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Әкім аппаратында ведомства жоқ.
  3. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы  әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  6. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.     
  8. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

         орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Узунбулакского сельского округа Баянаульского района».

         Әкім аппаратының орналасқан жері: Индекс 140311, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылы, Мұхтар Әуезов  көшесі, 1 үй .

          Әкім аппаратының жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі  тиіс.

  1. Әкім аппаратын аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта құрады.
  2. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  3. Әкім аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен  шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  4.  Осы Ереже «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылтайшысы құжаты болып табылады.

        «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік  мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Баянауыл ауданының әкімдігі атынан «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

 

2. «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

         әкім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

          ведомстволық аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі әкім  қызметін қамтамасыз ету;

         басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен әкімнің өзара іс-әрекеті.

  1. Функциялары:

         1) Әкім аппараты өз құзыреті шеңберінде:

         жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

         бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

         жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

         ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

         әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

         жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

         ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды,

         жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

         ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

         алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және  оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) қорғауды жүзеге асырады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

         жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

         салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

         азаматтардың және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Yкiметiнің актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерi  нормаларын орындауға жәрдемдеседi;

         өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

         ауылдық округтiң мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ   ауылдық округте  автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

         шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

         өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

         Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариалдық әрекеттер жасауды ұйымдастырады;

          тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

         табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

         мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

         қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

         дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

         спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қолдайды және жәрдем көрсетеді;

         тұрғылықты жерлері бойынша жеке тұлғалардың және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы көпшілік демалатын орындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасайды;   

халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

қылмыстық-пробация инспекцияларының  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа  орналасуын қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмекті көрсетеді;

жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

«Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;

ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

         жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

статистикалық және шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті бюджетті бекіту кезінде   аудан   мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;

өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

елді мекен жерлерінде жануарлардың жайылымы үшін орындарды анықтайды;

         тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;

         тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі  ветеринариялық  іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік

ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

         Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;   

         Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады;

         ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының  (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;

         агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына   береді;

         ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;

         «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді;    

         жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және  жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

         жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

         жайылымдардың жалпы алаңына түсетін  жүктеменің жол берілетін шекті нормаларының сақталуын  жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қамтамасыз етеді;

         жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;     

         жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі  жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

         ауданның жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы ақпарат береді;

          қолданылып жүрген жер қатынастары саласындағы заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, жер телімдерін жеке меншікке және жер пайдалануға   ұсынады;

          көпшілік сервитуттарды орнатады;      

         жер телімдерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін  алып қою мәселелері жөнінде  аудандық әкімдікке ұсыныс енгізеді;

         Мемлекеттік корпорацияға жер теліміне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жібереді;

         жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

         жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;  

         аудандық өкілді және атқарушы органдарға осы елді мекендерді  кенттер, ауылдар санатына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;

         тиісті елді мекен халқының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы  ұсыныстар енгізеді;

         тиісті аумақ  халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде  осы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне ата беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту  жөніндегі мәселелерді  шешеді;

         аудандық өкілді және атқарушы органдарға кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

         пошта  операторларына ауылдық округ аумағында өндірістік объектілерді орналастыруда жәрдем көрсетеді;

         округ  аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;

         кондоминиум объектілерін басқару органдарымен, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың меншік иелерімен олардың абоненттік пошта жәшіктерімен қамтамасыз етілуі  және оларды  тиісінше пайдалану жөнінде  жұмыс жүргізеді;

         Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау  жүргізу үшін  ақпарат  саласында  уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,  жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

 өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың   коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік    жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта  ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың  даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың   заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.

  1. Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

 мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұратуға және алуға;

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға және әкімшілік  айыппұл салуға;

 мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға  құқылы.

  1. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала әкімдерінің (облыстық  маңыздағы қала), облыс әкімі мен әкімдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі,  өзге де орталық атқару органдары, Президент тапсырмаларын және актілерін уақытылы және сапалы орындау.

 

  1. «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

 

 

        

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Әкім аппаратын әкім басқарады.
  2. Әкімнің өкілеттіктері:

         әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

         жергілікті қоғамдастық жиынында  немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

         бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

         мемлекеттік мекеменің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша  түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

         тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

         аудан әкімімен  және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша  ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

         мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына шағын несие беруге жәрдем көрсетеді.

  1. Ауылдық округ әкімінің орынбасары жоқ.
  2. Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

  

 

5.  Мемлекеттік мекемені

қайта ұйымдастыру және тарату (жою)

 

  1. «Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (жою) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
24 ноября 2023