- тарау. Жалпы ережелер.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-«Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ) аудандық деңгейде ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ведомстволары жоқ.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300 Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 47 үй.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение ГУ «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков Баянаульского района».
- Мемлекет Баянауыл ауданы әкімдігі тұлғасында «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құрылтайшысы болып табылады.
- Осы ереже «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілермен «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.