«Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Баянауыл ауданы әкімдігінің

    2020 жылғы 18 наурыздағы

№ 96/3  қаулысымен бекітілді

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын-үй инспекциясы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Баянауыл ауданының нақты экономиканың сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен шешімдер қабылдайды.
  8. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 49.
  10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

- мемлекеттік тілде – «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

- орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел реального сектора экономики  Баянаульского района»

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
  2. Мемлекет Баянауыл ауданының әкімдігі тұлғасында «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  3. Осы Ереже «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  4. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  5. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік  бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Баянауыл ауданының аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары саласында, сондай-ақ құрылыс, сәулет және қала құрылысы облысында мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты: Баянауыл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары нысандарының үздісіз жұмысын және құрылысты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
  3. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні: тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік кепілдемемен қамтамасыз ету жөніндегі аудан деңгейіндегі шараларды жүзеге асыру және аудан деңгейінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік басқарма функциясын жүзеге асыру болып табылады.
  4. Міндеттері:

1) Баянауыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

2) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

3) ауданның тыныс-тіршілігін инженерлік қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4 ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін өткізу және көгалдандыру, санитарлық жағдайы, абаттандыру, қажетті деңгейіне бақылауды қамтамасыз ету;

5) ауданның елді мекендерінің бас жоспарларын, аудандық жоспарлау схемасын әзірлеу;

6) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрамында қала құрылысы құжаттамасын, ауданның ведомстволық бағынысты аумағын салу, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету ережелерін аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

7) объектілер мен кешендерді орналастыру, объектілер мен құрылыстарды салу үшін жер учаскелерін беруге қатысу

8) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын базалық деңгейде жүргізу;

9) Мекенжай Тіркелімін жүргізу;

10) Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысын дамытуға жоспар әзірлеу;

11) Жеке бағдарлама бойынша жоспарды орындау;

12) Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысын бюджеттік саясаттың басымдылығы және негізгі бағыттарды қаржыландыруды жоспарлау;

13) Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарламаларды әзірлеу;

14) Сәулет-қала құрылыстық мақсатында картогрофо-геодезиялық қорын өткізу және пайдалану;

15) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында бағдарлама, болжам негіздерін құру;

16) Белгіленген тәртібінде сәулет қала құрылысы және бас жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында белгіленген тәртібінде сараптау, әзірлеу, келістіру және бекіту;

17) Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысын дамуына бағытталған шараларды қабылдау және талдау жасау;

18) Құрылыс индустриясының кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметіне біртекті үйместірмелі басқаруды іске асыру.

19) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

1) ауданның тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шаралардың ұйымдастырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;

2) тұрғын үй қорын басқару саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады;

            4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

            5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;

            6)аудандық маңызы бар жолдарды басқару;

7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде аудан шегінде бақылауды жүзеге асыру;

8) жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

9) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;

10) жолаушылар мен багажды ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

11) ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;

12) ауданның елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді;

13) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ауданының даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

14) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

15) ауылдық округ әкімдерімен біріге энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

16) қысқы уақытта әлеуметтік сала объектілердін пайдалануға беруге дайындауды жүзеге асырады;

17) ауданның елді-мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады;

18) бөлім функциясына байланысты істер бойынша талап-арыз қояды және соттарда өз бетінше және өкіл, талапкер, куәгер ретінде әрекет етеді;

19) сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен деп танылған иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

20) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын( аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

21) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен Ақпарат және (немесе) мәліметтер береді;

22) аумақта жоспарланған құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабардар етеді;

23) құрылыс, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;

24) объектілерді, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) қабылдау актілерінің есебін жүргізеді;

25) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды, олардың күтіп-ұсталуын (пайдаланылуын, пайдаланылуын) бақылауды үйлестіреді;

26) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынуды ұйымдастырады;

27) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асырады;

28) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарайды және бекітеді;;

29) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізеді;

30) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдайды;

31) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды;

32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарды қарауды қамтамасыз етеді;

33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

34) Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысының дамуына талдау жүргізу;

35) Бекітілген бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің орындалуын талдайды, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен бірлесе отырып, салынған қаражаттың тиімділігі мен негізгі көрсеткіштерін айқындайды;

36) Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысында басыңқы дамуының инвестициясын ажыратады;

37) Жоғары тұрған органдарға жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады, өзінің қызметінде сала бойынша заңнамалардың қолдану тәжірибесін қорытындылайды және талдау жасайды;

38) Бөлімнің қызметіне қарасты мәселелер бойынша аудан әкімі мен аудан әкімдігінің мәжілісіне материалдар дайындайды;

39) Бөлімнің қызметіне бағытталған азаматтардың ауызша және жазбаша үндеулерін қарастырады;

40) Қайта құру және күрделі жөндеу, құру, ғимарат, іргетас, инженерлік және көлік коммуникация жаңа құрылыстарына қатысу;

41) Баянауыл ауданының аумағында жылжыБаянауылтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;

42) объектілердің құрылысына сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) аудан әкімдігі, аудан әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

3) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді  көрсету;

4) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;

5) ғылыми мекемелерді жұмысқа тарту;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, ол жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысында орынбасарлары бар.
  4. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Аудан әкімдігінің бекітуіне «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнасымен белгілінген тәртіпте «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

            4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілінегн тәртіпте ведомстволық бағынасты ұйымның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

            5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілінегн тәртіпте ведомстволық бағынасты ұйымның басшысын мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

            6) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлеріне орындалуына міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

            7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

8) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

9) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

10) барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

11)  барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

13) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

14) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметтелерін қызметтік іс-сапарларға бағыттайды;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.  
            17) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

18) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

19) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым - қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

 

 

 

 

 

4-тарау. Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

20) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін. 

21) «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

 

  • - тарау. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
          32. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиелердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

 

6 – тарау. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесің қарамағындағы ұйымның тізбесі

 

  1. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік мекеме қарамағында келесі ұйым бар:

1) Баянауыл ауданы әкімдігінің,  «Баянауыл ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Серпіліс» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны.

Дата публикации
24 ноября 2023