Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іскеасыруға арналған орталықтандырылған қаржы қоры ауылдық округтің бюджеті болып табылады.
Ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес жыл сайын 3 жылдық кезеңге әзірленеді.
Күркелі ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Баянауыл ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасына сәйкес қалыптастырылды.