ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 14 мамырда Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 14 мамырда Баянауыл ауданының

Құндыкөл ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес,

Учаскелік сайлау комиссияларының Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын шығарды:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 608 азамат енгізілді, олардың 446-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есмагамбетов Ж.Т. – 76; Ивашев К.Ш. – 216; Серік Ә.Ж. – 121, Темиржанов Г.К.- 12.

Ивашев Куандык Шайхинович, 1972 жылы туған, Құндыкөл ауылында тұрады, Құндыкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

       

                                     

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
05 июня 2023