Павлодар облысы Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармағына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы «14» мамырда өткен Павлодар облысы Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округінің әкімі болып 2023 жылғы 15 мамырда Ивашев Куандык Шайхинович тіркелді, 1972 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылында тұрады.
Баянауыл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы