ХАБАРЛАНДЫРУ

2023 жылғы 1-маусымнан бастап айдың алғашқы жартысында Ақсан, Баянауыл (Ескі монша мен прокуратура маңы, Қызылтау ЖЖБ және Ақниет мейрамханасы маңы), Баянауыл МҰТП (№1,20,27,39,43,81 орамдар), Жаңатілек (Атшабар алқабы, Қандыадыр телімі), Қаратомар (Ауыл маңы, Жыланды телімі), Торайғыр (Қызылшіліктегі зираты маңы, Айман бұлақ), Сәтбаев (Мұса Шорман ауылының маңы, жоғары кернеу бойында) ауылдық округтерінің аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және аса қауіпті зиянды зиянкестері саяқ және үйірлі шегірткелерге қарсы адам денсаулығына  өте қауіпті  пестицидпен химиялық өңдеу жүргізілетіндігін хабарлаймыз. (Аталмыш ауылдық округтері әкімдері мен Баянауыл МҰТП директорының атына жеке-жеке хат жолданған)

Химиялық өңдеу жүргізу барысында және жүргізілгеннен кейін өңделген жерлерге 30 тәулік бойы адамдардың  демалуына, мал бағуына, шөп шауып тасымалдауына, жеміс-жидек, саңырауқұлақ теруіне болмайтындығы жеткізіледі және ауылдық округ әкімдері арнайы белгілер қойып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды жиі құлақтандырып отырулары қажеттігін ескертеміз.

ҚР АШМ АӨК МИК Баянауыл

аудандық аумақтық инспекциясы

 

Дата публикации
31 мая 2023