2021 жылғы 10 қаңтарда аймақтық бірыңғай сайлау округі бойынша Баянауыл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 16031 адам енгізілді. Олардың 15229 – ы немесе 95 пайызы сайлау бюллетендерін алды.
Дауыс беруге 15229 адам қатысты. Олардың ішінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерімен 3 сайлаушы, дауыс беру ғимаратынан тыс жерде 609 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру барысы төмендегідей:
«Nur Otan» партиясына– 11888 дауыс немесе 80,1 пайыз;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 1224 дауыс немесе 8,25 пайыз;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына – 1070 дауыс немесе 7,21 пайыз;
«ADAL» саяси партиясына – 650 дауыс немесе 4,38 пайыз;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7 немесе одан жоғары пайыз дауысын жинаған саяси партияларға келесі депутаттық мандаттар белгіленді.
«Nur Otan» партиясы – 9 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 1 мандат.
Баянауыл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы