Қазақтан Республикасының Цифрлік даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің бекіту туралы» №39\НҚ бұйрығына сәйкес, «Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 5 мемлекеттік кызмет көрсетіледі.
2022 жылы «Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілген мемлекеттік қызмет саны -1. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0, электрондық үкімет порталы арқылы -0, мемлекеттік орган арқылы -1.
Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер туралы көрнекі ақпараты бар стенд (қызметтер тізбесі, стандарттар) орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалған.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында түсіндіру іс шаралары үнемі жүргізілді.
Жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың тамыз айында Фейсбук парақшасында тікелей эфир өткізілді (мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстары).
2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Павлодар облысы бойынша филилалында «Ең алдымен –адамдар: мемлекеттікқызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша өткен семинарға «Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы қатысты.