Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2022 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, Мемлекеттік орган арқылы-0, электрондық үкімет порталы арқылы- 5. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Жасырын қызметтер жоқ.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықтың хабардар болуына қол жеткізу мақсатында бөлімде көрнекі ақпараты бар стенділер (қызметтер тізбесі, стандарттар) орналастырылған.
Мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша бекітілген жоспарға сәйкес (оның ішінде онлайн форматта) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру іс - шаралары (тікелей эфир) өткізілді.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі тұрақты бақылауда.
Сәтбаев ауылдық
округінің әкімі М. Кокенов