Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының, 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде қаулы әзірленді.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Баянауыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту болып табылады.
Қаулыны іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.