Аудандағы егіншілікпен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдары төмендегідей агротехникалық іс-шаралар мен қағидаларды қатаң сақтап, тұрақты басшылыққа алуларыңызды сұраймыз:
1.Астық өсіруші шаруашылықтар себуге қажетті тұқымдарын сатып алу барысында ауруға шалдықпаған немесе арнайы фитопатологиялық сараптамадан өткізілген және «Қазақстан аграрлық сараптама» АҚ-ы зертханаларынан себуге жарамдылығы тексерілген кондициялық куәліктері бар дақыл тұқымдарын сатып алуды немесе айырбастауды ұйымдастыру;
2.Шаруашылықтар көктемгі себу алдында дәнді дақыл тұқымдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енген (олардың тіркеу куәлігі, өнім сертификаты, қауіпсіздік төлқұжатының болуы мен жасандыдан және әсер етуші заттары азайтылғаннан ажырата білу) тұқым уландырғыштармен дәрілеу жұмыстарын уақытылы, сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;
3.Ауыл шаруашылық құрылымдары иелігіндегі жерлердегі зиянды және аса қауіпті зиянды ағзаларды анықтау және күрес жүргізу әдістемесі бойынша агрооқулар мен семинар-кеңестер, әңгімелесулер өткізуге және саяқ шегіртке зиянкестерінің күбіршектерін зерттеу іс-шараларын аудандық болжау орталығы мамандарымен бірге жүргізу, олардың көбеюі мен жайылым, шабындық жерлерге көптеп таралуының алдын алу мақсатында көктемгі агротехникалық іс-шараларды (Зиг-Заг, БИГ-3 тырмалағыштар мен ЛДГ-10 қопсыта жыртқыштарды пайдаланып) топырақтың 8-10 см тереңдігінде орналасқан күбіршектерді зақымдау арқылы жүргізіп, зиянкестер санын 20-30%-ға дейін азайту жұмыстарын ұйымдастыру;
4.Ауа райының климаттық құбылысы салдарынан күннің қатты ысуы мен жауын-шашынның көп болуынан егістік алқаптарында арам шөптермен ластанудың орташа деңгейі байқалған жағдайда химиялық отауды қолдануға рұқсат етілген гербицидтермен уақытылы жүргізу және шаруашылық иелері химиялық өңдеу мен химиялық отау жүргізген жағдайда бекітілген Ережеге сәйкес пайдаланған пестицидтеріне субсидия алу үшін жергілікті атқарушы орган арқылы өтінім беру;
5.Егіншілікпен айналысатын және алқаптарында карантинді нысандары бар шаруашылықтар пестицидтер қолданған жағдайда химиялық өңдеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін пестицидтерден босаған ыдыстарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды және арнайы келісім-шарт негізінде сатып алған мекемеге немесе жеткізушіге тапсырып, жоюға жіберуі қажет.
6.Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңының 14-5 бабының 3-тармағында көрсетілгендей: Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар «Фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етулері тиіс.
Осы іс-шараларды толық жүзеге асырған жағдайда егістік алқабынан сапалы мол өнім алуға болатындығын ескерген жөн.
Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (егіншілікпен айналысатын) фитосанитариялық есептілікті төмендегі фитосанитариялық есепке алу нысандарымен көрсетілген мерзімдері бойынша:
Жартыжылдық есептерді: Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есебі ФУ-1, пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есебін ФУ-2 нысаны бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін;
Жылдық есептерді: Пестицидтерді, биоагенттердің сақтау туралы есебі ФУ-3, бүріккіш және дәрілегіш техниканың болуы туралы есебін ФУ-4 нысанымен жыл сайын, нақты сақтау орны бойынша 10 қаңтарға дейін;
Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есебі ФУ-7, қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есебін ФУ-8 нысанымен жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;
Айлық есептерді: Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есебі ФУ-5, химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есебін ФУ-6 нысанымен ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есеп беруден кейінгі әр айдың 10-ына дейін аудандық аумақтық инспекциясына тапсырулары қажет.
Сондай-ақ фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және зиянды организмдердің зиян тигізудің экономикалық шегінен көп дамуы мен таралуына жол берген және фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбаған жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403-бабы 1 және 2 тармақтары бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен бестен он айлық есептік көрсеткіш (АЕК-МРП) көлемінде, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда оннан жиырма АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу қарастырылғанын ескертеміз.
Жоғарыдағы баяндалғандардың негізінде сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына Баянауыл ауылы, Ж.Жарылғапберді көшесі 12 а үй мекен-жайына тікелей немесе 8(71840) 9-10-15 телефон/факсына және tusselbai.m@minagri.gov.kz. электрондық поштасына хабарласуға болады.
Инспекция басшысының м.а. М.Түселбай