Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылған азаматтар ауданда кәсіпкерлікті жолға қою мақсатында қолдау білдіруді сұрады.
Жылқы және қой етінен тағам әзірлейтін цех ашуды жоспарлаған кәсіпкерлер аудан аумағынан жер беруді сұрады. Айтуларынша, арнайы мал соятын орны болатын цех күніне 10 бас малдан өнім дайындауды жоспарлап отыр.
Аудан тарапынан цех үшін орын беруге дайынбыз.
Бұл ұсыныс - аудан үшін де тиімді. Егер, кәсіпкерлердің жоспары іске асып жатса, ауыл халқы малдарын тапсыратын орын пайда болар еді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары да ашылар еді.