2022 жылғы рейдтік іс-шара қорытындысы

Қазіргі таңда Баянауыл ауданы бойынша 26 жайсыз отбасы бар. Аталған отбасыларда 67 кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленуде. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған 6 отбасы, туған ата-анасыз тұратын 96 отбасы есепке қойылған. Аталған отбасылар үнемі тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, тұрмыстық жағдайлары зерделенеді.

2022 жылы кестеге сәйкес бірлескен 117 рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде түнгі 23:00-ден кейін жүрген кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы ҚР ӘқбтК 442-бабы, 2-тармағы бойынша 79 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комиссия жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жұмыссыздық бойынша есепке тұруға, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуға көмектеседі. 2022 жылы 8 адам жұмысқа орналастырылды.

Дата публикации
16 марта 2023